Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Бүгін "АМАNАТ" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Даумовтың төрағалығымен кезектен тыс XXXI конференциясы өтті.

Конференция жұмысына 11 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

1. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы;

2. БҚО «АМАNАТ» партиясының облыстық конференциясына делегаттар сайлау;

Күн тәртібі бойынша конференция барысында делегаттар Саяси тұғырнаманы талқылап, өз ой-пікірлерін білдірсе, екінші мәселе бойынша облыстық конференцияға қатысуға 5 делегатты сайлады.

0
0
212

Еще по теме

АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. - Yvision.kz