Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАН ТОЛЫҚТАЙ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Тұрғындарды мазалайтын мәселелер «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілген. Ол жоспарлардың алдағы 5 жылда орындалуы көзделген. Ауданды дамытудың 7 басым бағыты белгіленіп, жүзеге асырылмақ. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау.

Жоғарыда аталған Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді газдандыру мен жолдардың сапасын жақсарту мәселелері айырықша аталған.

Таяуда облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер аудан орталығында бағдарламаның бағыттарын баяндап, ауылдағы өзекті мәселердің бірі – газ және жол сапасын жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар барысы мен алдағы уақыттары атқарылатын шаралар туралы кеңінен атап өтті.

–Алдағы 5 жылда газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін 17,3%-дан 99,4%-ға жеткізу көзделген.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған 5 елді мекенді (Қылықұм, Сүткент, Ақшеңгелді, Достық, Егізқұм) орталықтандырылған газ құбырына қосу жұмыстарына және Шардара қаласын газдандыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары көгілдір отынмен 99,4% қамтамасыз етіледі,-дейді партия белсенділері.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
124

Еще по теме

АУДАН ТОЛЫҚТАЙ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ - Yvision.kz