АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ.
«Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес аудан орталығында жаңадан салынған 26 екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Нұрлыбек Даумов су жаңа пәтерге ие болған ауылдастарға кілт табыстап, шаңырақтарына шаттық, бастарына амандық тіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, ауданның қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбековте ауылдастарымыздың қуанышы ортақтасып, игі тілектерін білдірді.
Қоныс тойының құрметіне әжелер шашу шашып, әсем ән де әуеледі.
Үйлі болғандар атынан ауған соғысының ардагері Мүслимеден Таубаев жергілікті билікке алғысын білдіріп, жақсылық жалғасты болсын деген тілегін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған бұл үй әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ұсынылды. Үй құрылысына жауапты мердігер - "Қалдығайты" ЖШС.
