Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

«NUR OTAN» АЛДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ ҮШІН КӨПТЕГЕН ЖҰМЫСТАР АТҚАРАДЫ.

Қарағанды облыстық маслихат депутаттығына кандидат Халилин Ерден Балтабайұлы бүгін Осакаровка ауданы Батпақ ауылының білім және мәдениет саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ауданда және ауданға қарасты ауылдарда атқарылатын жұмыс жоспарларын талқылап, сұрақтарына жауап берді.

Осакаровка ауданы Қарағанды облысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Жыл сайын егін, картоп, қырыққабат тағы басқа көкөністердің көлемі молайып, тұтынушыға жеткізілуде. Шаруа қожалықтарының бұндай жақсы нәтижеге және өнімге озық технология мен біліктіліктің арқасында қол жеткізіп келеді.

««Nur Otan» партиясының алдағы 5 жыл көлемінде аудан орталығының дамуына көптеген жұмыстар атқарылатыны сөз етілді.

Соның бірі ауданды экономикалық тұрақты аудан ету, соның жолында жыл сайын кем дегенде 350 жұмыс орнын қамтамасыз ету, оның ішінде 60 тұрақты, 290 уақытша. Осы мақсатта ауыл шаруашылық өнімдерін жыл сайын 1 млрд. теңгеге арттыру, орта және шағын бизнесті қолдау арқылы ауыл, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру көзделіп отыр. «Кәсіпкерлік жол картасы-2025» бағдарламасы барысында 5 жобаны іске асыру, "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша жыл сайын 80 аса адамдарды оқыту және тағыда көптеген жұмыстар жоспарланып отыр. Сөз соңында аудан, ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan" партиясымен бірге жеңімпаз болуға шақырдық.» - деді кандидат.

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.

Сайлау-2021

Выборы-2021

0
0
123

Еще по теме

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ - Yvision.kz