Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҮШҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ

Ауданымызда ресми сапармен жүрген халық қалаулысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Тасқала ауылының Пушкин көшесінде үш қабатты 18 - пәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан "Беккалиев С.Р.» ЖК. Мәжіліс депутатына құрылыс барысын таныстыра отырып, бюджеттік қаражаттың уақытылы берілуін сұрады.Және қажетті қаражат уақытылы бөлінетін болса, тұрғын үйлер мерзімінде тапсыратынын айтты.

Қазіргі таңда құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылға арналған қаржыландырудың болмауына және қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап мамыр айына дейін құрылыс – монтаждау жұмыстары уақытша тоқтатылды. Аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан соң, нысанның түйткілді мәселелерін тыңдап, уақтылы аяқталуына күш салатынын айтты.

0
0
182

Еще по теме