АУДАН КІТАПХАНАЛАРЫНДА «KITAPFEST» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Кітап жазушының жүрегінен, оқырманның жүрегіне жіберілген айнымас дос» деп айтқандай кітап жазушы өзінің шығармасы оқырманының көңілінен шығу және лайықты бағасын алу үшін барын салады. Ал оқырман сол өзінің оқыған кітаптары арқылы зейінін арттырады.
Аталмыш фестивалі аясында ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты онлайн кітап фестивалін ұйымдастырса, Дербісек ауылдық кітапханасы «Жазушылар шатыры-2020» атты вертуальды көрме, Ақжар ауылдық кітапханасы классик жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Ғажайып кітап әлемі» атты онлайн таныстырылым, Сарыағаш аудандық балалар кітапханасының кітапханасы «Қазақ балалар әдебиетінің саңлақтары» атты вертуальды көрме, Дарбаза ауылдық кітапханашы «Қаламы қарымды қаламгерлер» атты буктрейлер, Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Жаңа кітаптар әлемінде» атты библиофреш, Таскескен ауылдық кітапханасы «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін», Сарқырама ауылдық кітапханасы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына, Жемісті ауылдық кітапханасы «Абайдың 18-ші қара сөзі» онлайн таныстырылым, Тегісшіл ауылдық кітапханасы «Жырым мені ешқашан өлтірмейді» атты көрме-видеопоэзиясын, Жылға ауылдық кітапханасы «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты буктрейлер, Қабыланбек ауылдық кітапханасы «Жұбан поэзияның заңғар жыршысы» атты көрме-компазиция, видеопоэзия ұсынып, өткізді.
