АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ.
Әділкерей Сағидуллаұлы мемлекет тарапынан жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер мен олардың қоғам өміріне белсене араласуының маңыздылығына тоқталды. Еркін пікірлесу түрінде өткен кездесуде жастар кәсіпкерлігін дамыту мен жұмыссыздықты төмендету мәселелері талқыланды. Жас кәсіпкерлер Ақнұр Досжан, Бақытхан Әмірхан, студент Дәулет Қуанышбай, жас маман Ақниет Сейітқазы және басқалары өз ой-пікірлерімен бөлісті, сауалдарын қойды.

Кездесуге қатысқан аға буын өкілдері Қуанышбай Кенжебаев, Нұрқасым Сәрсенбайұлы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахия Омарова, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының басшысы Мейірхан Дуанбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Гүлнар Шамиевалар жастарға тәлім боларлық ой қозғады. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы жастарды білімді болуға, жаңашылдыққа, ел мүддесі жолындағы істерге етене араласуға шақырды.
