АУДАН ӘКІМІ АУДАНЫМЫЗДЫҢ ҮЗДІКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
1 маусым күні аудан әкімдігінің үлкен залында білім саласында жетістікке жетіп жүрген шәкірттер мен жетекшілердің «JAS DARYN» атты аудан әкімімен кездесу іс-шарасы оздырылды. Кездесу барысында аудан әкімі Альберт Темірболатұлы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, жетекшілеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар әкім мен оқушы арасында кері байланыс орнап оқушылар көкейлеріндегі сауалдарға аудан басшысынан тиісті жауаптар алды.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның сөзіне сенсек, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз жалпы 645 байқауға қатысқан. Соның ішінде 142 педагог, 503 оқушы түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанды. Бүгін 1 маусым Халықаралық балалар күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған «JAS DARYN» атты кездесуде 25 оқушы мен жетекші аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарымен марапатталды. Атап айтар болсақ,
Республиалық пәндік олимпиадалардың облыстық, республикалық кезең жеңімпаздары: Риана Жиешева (Қараөзен мектеп-лицейі), Құндыз Тұржан (Ғ.Бегалиев атындағы ОЖББМ), Айкөркем Айтқалиева (Ақпәтер ОЖББМ), Аякөз Ескакова (Тереңкөл ОЖББМ);
Облыстық «Ғылыми жоба» жеңімпазы Ұлжан Талапова (Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы);
«IQanat» олимпиадасының жүлдегерлері: Жансұлу Арыстанова (Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ), Жансая Ермекова (Бостандық ОЖББМ), Еркемай Ебраева (Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы), Мәдина Азенқабыл (Жаңажол ОЖББМ), Дильназ Мақсот (Қараөзен мектеп-лицейі), Жанерке Айболатова (Ғ.Бегалиев атындағы ОЖББМ), Арманбек Қамешов (Ғ.Бегалиев атындағы ОЖББМ), Аяулым Сапарғали (Сарықұдық НОМ);
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жүлдегелері мен грант иегерлері : Айгерім Ғабитова (Казталов мектеп-лицей), Нарқыз Амангелдиева (Қоныс ОЖББМ);
XVII-XVIII облыстық «Intel-junior-2020» олимпиадасының жүлдегерлері: Інжу Талғат (А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ), Сәнім Тұрарбек (Қараөзен мектеп-лицей), Ғафура Қажымұқан (Бірік ОЖББМ), Айару Талапова (А.Оразбаева атындағы ОЖББМ), Гаухар Бейбіт (А.Оразбаева атындағы ОЖББМ);
2-7 сынып аралығында XVI республикалық «Зерде» конкурсының Республикалық кезеңіне қатысушы Саялы Мақсотова (К.Меңдалиев атындағы ОЖББМ);
Алматы технологиялық университетінің базасында өткен жалпы орта білім беру ұйымдарының бітіруші түлектерге арналған V Республикалық пәндік олимпиадасының жүлдегері Назерке Наурызғалиева (К.Меңдалиев атындағы ОЖББМ);
Республикалық кіші пәндік олимпиаданың облыстық жеңімпаздары, республикалық кезең қатысушылары Назерке Иманғазы (Казталов мектеп-лицей), Ақерке Тілеген (Көктерек ОЖББМ);
«Білімді ұрпақ – тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық эссе байқауының жеңімпазы Гүлназ Талғатова (Талдыапан ОЖББМ) сынды оқушылар аудан әкімінің алғыс хатымен естелік сыйлықтарына ие болды.
Ал Медет Жанболатов, Рима Сариева, Гүлзамира Төлегенқызы, Балым Бопышева, Назерке Медетова, Гүлмира Байшурина, Әйгерім Иланова, Ләззат Есекенова, Абзал Ризуанов, Әлия Хайруллина, Дариға Айтқалиева, Эльнара Досжан, Ақмарал Қарекенова, Жасұлан Шүкіров, Асылан Ерекешов, Нарша Мұқанбетова, Румия Абдрахманова, Зәуре Мүлкаева, Бибігүл Бұлқайрова, Дамира Сабырова, Гүлбарам Лұқпанова, Ақмарал Байдуллина, Үміт Қалмулдина, Ақерке Берғалиева есімді ұстаздар қауымына аудан әкімі жылы лебізін білдіріп, алғысхат табыс етті.
Шара соңында К.Меңдалиев атындағы ОЖББМ-нің 11 сынып оқушысы Назерке Наурызғалиева қазақтың үні домбыраның сүйемелдеуімен «Туған жер» әнін орындап, өнерін паш етті. Кездесу жиынына қатысушылар аудан әкімімен естелік суретке түсіп, Альберт Темірболатұлына алғыстарын білдірді.



