АУДАН АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
29 наурыз күні аудан активінің кезекті отырысы өтті. Лездеме отырыс аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Ауылдық окургі әкімдері отырысқа ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде су қоймаларының жағдайы, бөгеттерге су айдау мәселесі; Казталов ауданындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай және вакцинациялау жұмыстарының жүргізілу барысы; карантиндік шектеу шараларының жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әсері; ауданның экономикалық дамуы (I тоқсанға) және аудан бюджетінің игерілуі туралы; ауылшаруашылығы малдарының бірдейлендіру дерекқорына енгізілуі және қаңғыбас иттер мен мысықтарды биозарарсыздандыру туралы; «Менің аулам – менің бағым» жобасының ауданда жүзеге асуы жөнінде мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелердің ішінде талқылауға түскені Казталов ауданындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай және вакцинациялау жұмыстарының жүргізілу барысы. Ауданымыздағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде баяндама жасаған Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаровтың сөзіне сенсек, 2021 жылдың 1-інші қаңтары мен 26-ыншы наурызы аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 41 жағдай тіркелген. Оның ішінде 31 жағдайда ауру белгілері бар болса, 10 жағдайда ауру белгілері болмаған. Індеттен 26 адам сауығып шықса, 1 адам ілеспелі созылмалы аурулар себебінен қайтыс болды. Аталған жағдайлар, науқастармен байланыста болғандарды тексеру кезінде 17 адамда (41,5 пайыз), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 24 адамда (58,5 пайыз) коронавирус белгілері анықталған. Әсіресе наурыз айында індеттің белең алуы күшейген. Бұған баса назар аударған аудан әкімі Альберт Есалиев Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына індеттің алдын алу шараларын күшейте отырып, таралуының нақты себебін анықтау міндетін жүктеді.
Актив отырысында бұдан өзге де бірқатар мәселелер талқылауға түсіп, аудан әкімі бөлім басшылары мен жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.




