АУДАН АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ
14 маусым күні Казталов ауданы əкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиевтің төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті. Активке аудан əкімінің орынбасарлары, бөлім басшыларымен қатар округ əкімдері де онлайн режимде қатысты.
Активтің күн тəртібінде ауданның даму көрсеткіштерінің бірінші жартыжылдыққа орындалуы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жадыра Сүндетова, аудандық статистика басқармасының басшысы Əділбек Лұқпановтардың хабарламасы тыңдалып, талқыланды. Маңызды аудандағы Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процесс кодексіне енген жаңа өзгерістер және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс туралы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Фархад Шигапов, іздестірілуде жүрген мерзімді әскери қызметке шақырушылар бойынша аудандық полиция бөлімінің іздестіру нәтижелері туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы Əзілзан Қайырханов баяндады.
Ал мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Əбішева айтып өтіп, басылымға жазылу төмен жүріп жатқан Тереңкөл, Көктерек, Бостандық ауылдық округ әкімдеріне сөз берілді. Расымен басылымдарға жазылу науқаны кей округтерде тым сылбырт жүруде. Мұның себебін округ əкімдері аудандық "Қазпоштаның" жұмысына сын тағуда.
Активте сонымен қатар аудандағы КВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстарының жүргізілуі жөнінде аудандық аурухана басшысы Зинұр Сəткеш баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі күнде аудандағы əр түрлі салада жасайтын қызметкерлердің 50 пайызы екпе алмаған екен.
Активтің күн тəртібінде көтерілген мəселелер бойынша сын-ескертпелер айтылып, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктелді.



