Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАН АКТИВІ КЕҢЕСТІ

5 сәуір күні аудан активінің кезекті отырысы өтті. Лездеме отырыс аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Ауылдық окургі әкімдері отырысқа ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде ауданымызда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, ауданды абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы бөлімінің басшысы Артур Берденов, Ақпәтер және Қайыңды ауылдарында бақ өсіру жұмыстары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Жангереева, мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны туралы аудандық қорғаныс бөлімі басшысының м.у.а Әділжан Жәдігеров, берілген қаражаттарды игеру жоспары, конкурстар жариялау мерзімдері туралы аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Жанболат Темірғалиев хабарлама жасады.

Активте күн тәртібінде мәселелер бойынша және өзге де бірқатар мәселелер талқылауға түсіп, аудан әкімі бөлім басшылары мен жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

0
0
157

Еще по теме

АУДАН АКТИВІ КЕҢЕСТІ - Yvision.kz