АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ
«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бүгін партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, олардың талап, өтініштерін тыңдады.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы Доктринадағы негізгі құндылықтар адам, отбасы және дәстүр, ынтымақшылдық сынды бағыттары үлкенге құрмет, ұрпақтар сабақтастығы, қоғамда ынтымақшылдықты нығайтуға бағытталған. Жыл басынан бері 10 айда партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында түрлі бағыттағы екі мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Республика аумағында жарияланған төтенше жағдай, карантиндік режим мерзімінде коронавирус салдарынан зардап шеккен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры құрылып, облыс көлемінде «Birgemiz-Жамбыл облысы» Қоғамдық қоры арқылы жеті санатқа кіретін 38 916 мұқтаж азаматқа (І-ІІ-V кезең Тараз қаласы (21 947 адам), ІІІ-IV кезең аудандар (16 969 адам) 50 000 теңге көлемінде бір ретік көмек көрсетті. Жалпы сомасы (1,2,3,4,5 кезең) 1 млрд. 945 млн 800 мың теңге. Оның ішінде 1,2,5 кезеңдерде, яғни сәуір-мамыр, қазан айларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оған теңестірілгендер санаты (Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль) бойынша 600-ден астам ардагерге 50 000 теңгеден бір реттік көмек көрсетілді. Облыс бойынша 2 103 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер болса, оның ішінде Тараз қаласында 788 ардагер бар. Сондықтан да жергілікті атқарушы органның тізіміне сәйкес ең мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді.
Партияның Жамбыл облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және белсенді партия мүшелері-жеке кәсіпкерлер 497 млн. 980 мың теңгеге 24 135 отбасына алғашқы кезектегі қажеттіліктегі азық-түліктер себетінен көмек көрсетілді. Партия облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласының қызметкерлерін қолдау мақсатында дәрігерлерге азық-түлік пакеттерін үлестірді (10 тонна таза ауыз су, 100 пакет жеміс-жидектер мен дәрумендер). Қайырымдылық көмектен басқа, партияның барлық аумақтық филиалдары партиялық бақылау комиссиялрымен бірігіп дәріханалардағы дәрі-дәрмектерге және бағасына рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Басқосуда Тараз қалалық Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков және өзге ардагерлер мен Ауған соғысына медициналық қызметкер сапында қатысқан аналар өз талап-тілектері, өт ініш-шағымдарын жеткізді. Оның қатарында жергілікті биліктің құзырында қаралмайтын мәселелер, ресапубликалық жауапты ведомстволарға жеткізілетін болды. Ардагерлер көтерген мәселелер қатарында негізінен – емхана, ауруханаға қаралу, санаториге орналасу және пәтер кезегі, қоғамдық көлікте жүру жеңілдігі сынды күн тәртібінде тұрған мәселелер айтылды.
Жиын соңында Балабек Жанбекұлы Партияның 2021 жылға дейін берген уәделері мен тапсырмалары, сайлауалды бағдарламадағы көрсеткіштер толығымен орындалатындығын, сондықтан жаңа сайлауалды бағдарлама дайындалып жатқандығын алға тартып, ардагерлерді алдағы өтетін науқанға белсене қатысуға шақырды.
