Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Атамекен

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті БҚО білім басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында 2015 жылдың 17 маусымында «Атамекен» лагері басшылығымен бірлесіп, лагерь аймағында «Жақсылық, әділдік және достық» күні өткізілді.

Іс-шара тәңертеңгілік ленейкемен ашылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің башысы В.Н.Масимова сөз сөйледі.

Лагерь қатысушыларының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу мақсатында өткізілген шаралар келесі бағдарлама бойынша жүргізілді.

- «Сыйлықтар және оның түрлері» тақырыбындағы дәріс оқып слайд көрсету;

- «Достастық» тақырыбында сурет салу байқауы;

- Ұлттық асық ойындарынан мастер класс («Ханталапай», «Омпы», «Үштабан», «Бәйге»,  «Көтеріспек» («Атпақыл»), «Иірмекіл»);

- Ойын тренингтері;

Іс-шараның қорытындысы үш команда арасында өткізілген «Көңілді мәре» ойынымен аяқталды. Шара соңында жеңімпаздармен жүлдегерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

         

 
0
0
422

Еще по теме

Атамекен - Yvision.kz