«АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА – ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА»
Баршаңызға белгілі 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын еліміздің Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарына сайлау алды үгіт-насихат науқаны елімізде қарқынды жүруде. Саяси партиялар, соның ішінде «Nur Otan»-ның қауқарын көпшілік жақсы біледі және қолдайды. Олай дейтінім партияның Мәжіліс, облыс, аудан мәслихаттары депутаттығына үміткерлерінің жер-жерлерде сайлаушылармен кездесулері қарқынды. Дәл осындай ЭКСПРОМНТ кездесу ҚР Мәжілісіне үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлымен бірге Ақбастау елдімекенінің тұрғындары әкелі-балалы Есқараев Сабыр Алиханұлы мен Алихан Абзалдың шеберханасында өтті. Қос шебер атадан мұра болған қол өнер бұйымдарын жасайтын сирек кездесетін ағаш ұсатысы кәсібін меңгеріп, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз кәсібін дөңгелеткен азаматтар екен. Алихан Абзал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 3 млн қайтарымсыз грант алып шеберхана бұйымдарын алған соң, кәсібін ары кеңейту үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту» жобасы аясында 5 млн төмен пайызды несие алған. Ел игілігін дұрыс пайдалана білген осындай іскерлерге әуесін келеді. Дархан ағамыздың Ұлттық музейдің басшысы болағанын ескерсек, шеберлердің еңбектері маманның да көңілінен шығып, жоғарғы бағаға ие деп есептейінін айтты.

Ата мұрасын жалғастырған Абзалдай ұлдарыңыздан айналдым деуден басқа амал жоқ. Әрине сайлау алды бағдарламада шеберлердің көңілінен шығатынын кездесу барысында анық байқадық.
