Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АТА-АНАЛАРДАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ

Құрметті ата-аналар! Оқу жылының басталуына екі аптадай ғана уақыт қалды. Балалар демалыстың қызығына тоймай жүр. Ал біз үшін баланың оқу құралдары мен киім-кешегін түгендеуге кірісетін уақыт осы.

Оқушыны мектепке дайындау – оңай шаруа емес. Бұл – ептілік пен жүйкенің мықтылығы сынға түсетін кез десек те артық емес. Баласына алатын киім сапалы, бағасы да қолайлы болып, сәні мен салтанаты да келісіп тұрғанын кім қаламайды. Қатарынан қалдырмай, қалтаны да қақпай киіндіретін жер қайда? Оқу құралдарын қайдан алған дұрыс? Неге баса назар аударсақ болады? Сауал – сан алуан. Ал күндер зуылдап өтіп жатыр. Осы кезде кеңес беретін адам артық болмайды. Ол кеңесшілердің қатары көп болса тіпті жақсы. Сондықтан да біз «Ата-аналардан пайдалы кеңес» атты арнайы жобаны қолға алдық.

Талқылауды дәл осы жерден бастауды ұсынамыз. Осы посттың астына пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдырсаңыздар болады. Талқыға түсетін тақырыптардың бір парасы мынадай:
- Оқу құралдары мен мектепте пайдаланатын керек-жарақтарды қайдан алуға болады?
- Дүкен дұрыс па әлде базарға бару керек пе?
- Бағасы аса қымбат емес, бірақ киіс беретін киім қайда сатылады.
- Арнайы ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкелерінің жұмыс уақыты мен мекен-жайы.
- Арзандатып, заттарының бағасын түсіріп сатып жатқан жерлерді білсеңіз осында бөлісіңіз.
- Қандай сауда белгілері көңіліңізден шығады?
- Былтыр киілген мектеп формасының өңін кіргізетін әдіс білесіз бе?

Білгеніңізбен бөлісіңіз, жаңалық болса осында жазыңыз. Қалдырған пікірлеріңіз пайдасын тигізіп, саудаңыз сәтті болсын! Тек қай қалада тұратыныңызды көрсетуді ұмытпаңыз.

0
0
630

Еще по теме

АТА-АНАЛАРДАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ - Yvision.kz