АТА-АНАЛАР ГРАНТ БӨЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАРИЯЛЫ ЕКЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗДІ
Департамент директоры білім гранттары талапкерлердің ҰБТ барысында бейіндік пәндері бойынша жинаған балдарына сәйкес бөлінгенін айтты. Белгіленген заң аясында, ауыл квотасы мен басқа да жеңілдігі бар топтарды ескере отырып іріктелді. Бірақ «Алтын белгі» иегерлеріне басымдық берілген жоқ. Конкурстық комиссия отырысы ата-аналар арасынан шыққан өкілдердің қатысуымен өтті. Осылайша, олар грантты бөлудің автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысып, барлық жұмыстың жариялы, ашық жүретініне көз жеткізіп, адам қолымен өзгеріс енгізу мүмкін емес екенін білді.
ӨЗ КӨЗДЕРІМЕН КӨРІП, БІЛДІ.
Осылайша, талапкерлердің ата-аналары гранттың «бармақ басты, көз қысты» жолмен бөлінуі мүмкін емес екеніне көз жеткізді. Ол кепілдікті министрдің өзінен бастап, министрліктегі жауапты тұлғалардан тікелей алды. Бұған дейін біздің министрлік басшысы Ерлан Сағадиев наразы топ өкілдерімен кездесіп, грант бөлу бойынша барлық сұрақтарға жауап берген болатын. Баспасөз мәслихатына келген ата-аналар министрдің көмек беруге, тізімді қайта қарауға уәде бергенін және ол сөзінде тұрғанын атап айтты.
Мұнымен қатар, грант бөлу комиссиясының жұмысына қатыса отырып, ата-аналар жүйенің толықтай автоматтандырылғанын, барлық нәтижені компьютер шығаратынына көз жеткізді. Ең бастысы – жаңа тізім мың жарым түлекпен толықты. Ата-аналардың өкілдері Ерлан Сағадиевке ашықтығы үшін, арнайы көңіл бөлгені үшін алғыс білдіріп, болашақта да осылай жалғасатынына үміттенетіндерін айтты.
АЛТЫН БЕЛГІ АЛҒАНДАРДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
«Алтын белгі» иегерлерінің оқу ақысы биыл басқа салаларға артылды. Медаль иегерлері университет, білім министрлігі және денсаулық саласының гранттарына ие болады. Осылайша, «Алтын белгі» иегерлерінің арқасында 1 487 грант пайда болды. Бұл - жалпы грант санының 4%-ы. Яғни, медаль иегерлерінің білім сапасын көрсетеді.
Қазір министрлік түлектері «Алтын белгі» алғанмен, ҰБТ кезінде төмен балл жинаған мектептерге тексеру жұмыстарын бастап кетті. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда мектеп басшылығы қатаң жазаға тартылады. Ал түлектерге бұл тексеру әсерін тигізбейді.
Біздің министрлік қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысын қадағаламақ. Келесі жылы гранттар тек қана ҰБТ балдары бойынша, жеңілдігі бар топты ескере отырып бөлінетін болады. «Алтын белгі» иегерлерінің ҰБТ кезіндегі жинаған балы ескеріледі.
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
Білім беру гранттары төңірегіндегі барлық сұрақтар бойынша Ұлттық тестілеу орталығы жанындағы қоғамдық қабылдау орнына хабарласуыңызға болады. Тел: +7 (7172) 695076, 695261.
Сонымен қатар, білім беру гранттары жайындағы өзекті сұрақтарға берілген жауаптарды осы сілтеме бойынша оқи аласыздар:https://yvision.kz/post/775385.
