Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

12 сәуір күні аудан активінің кезекті отырысы өтті. Лездеме отырыс аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Ауылдық окургі әкімдері отырысқа ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Активте аудан басшысы Қараөзен, Қайыңды ауылдық округтерінің жаңадан тағайындалған округ әкімдерін таныстырудан бастап, Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолов пен Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашевтің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Активтің күн тәртібінде аудандағы жолдарды күтіп-ұстау, санитарлық айлықты өткізу, елді мекендерді абаттандыру туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов, Казталов ауылдық округінің әкімі Арман Ғалымов, елді мекендерде мал бағымын ұйымдастыру жайлы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жұмысшыларының еңбек шарттарын рәсімдеу жөнінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Радж Шарипов, ауыл шаруашылығы малдарының бірдейлендіру дерекқоры турасында аудандық ветеринариялық станциясының директоры Тағат Есполов хабарлама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Активте күн тәртібінде мәселелер бойынша және өзге де бірқатар мәселелер талқылауға түсіп, аудан әкімі бөлім басшылары мен жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

0
0
151

Еще по теме

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ - Yvision.kz