kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

АСТАНА ТЕАТРЫ — АТЫРАУДА!

2017 жылдың  17-23 сәуір аралығында Астана қаласының  Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Атырау қаласында гастрольдік сапары өтеді.

Қаллеки театрының ұжымы бір апта көлемінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар: Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасын, Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасын, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын, А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясын,  Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясын, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын және балаларға арналған халық ертегісі «Ер Төстікті» ұсынады.

Спектакльдер - Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық  қазақ драма театры сахнасында өтеді.

Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Атырау  қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты -  Батыс Қазақстандық  тұрғындарға Астананың мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу болып табылады.

Қойылымдар кестесі:

17 сәуір  -  Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасын;

18 сәуір -   Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасын;

19 сәуір -   М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын;

20 сәуір -   Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасын;

21 сәуір  - А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясын;

22 сәуір  - Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясын;

23 сәуір  - М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын

тамашалай аласыздар. Басталуы 19.00

 

18-22 сәуір аралығында сағат 11.00  Балаларға  арналған «ЕР ТӨСТІК» атты халық ертегісін ұсынады. Режиссері:Болат Ұзақов.