«Астана» — «Галатасарай»
«Астана» - «Галатасарай»
Әлем бойынша 50 телеарналарының барлығы кешегі күнгі «Астана» (ҚазаҚстан) және «Галатасарай» (Түркия) командаларының жарысын халық назарына таратты. Олармен бірге Жастар бастамаларын дамыту орталығы да артта қалмады, Жастарға қызмет көрсету орталығында ойынның тікелей трансляциясын жасады.
Елорда уақыты бойынша сағат 22:00-де «Астана» командасы Чемпион Лигасының топтық кезеңінде стамбул клубының «Галатасарай» командасымен 2:2 ойын есебімен тең түсті.
Бұл кездесу Қазақстанның астанасы «Астана Арена» стадионында өтті.
Матч барысында екі жақты команданың екі мықты өкілі көзге түсті. Екінші таймның міне жабылайын деп тұрған шымылдығында, 89 минутында гол соққан Киньяс Рохер («Астана») және өз командасының ашық қақпасына доп жіберген Хакан Балта («Галатасарай»).
Ендігі кезектегі матч осы жылдың 21 қазанында өтеді, мұнда «Астана» командасы испандық «Атлетико» қарсыластарымен топта жарысатын болады.
Ал біз, өзіміздің «Астаналықтарымыздың» жеңісіне сенім артып, оларға сәттілік тілейміз!
