АСТАНА Қ. БОЙЫНША ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІН МОНИТОРИНГІЛЕУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
Жолдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша 10 қадамды іске асыру бойынша Жоспардың 6-шы қадамын орындау аясында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қ. бойынша департаментімен қоғамдық ұйымдардың, ХҚКО басшыларының, барлық мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің және БАҚ қатысуымен жиналыс өткізілді.
Департамент басшысы Т.Т. Қаскин қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қоғам өкілдері Мамандандырылған ХҚКО жұмысы туралы халықты жаппай ақпараттандыру және жүргізуші куәліктерін беру бойынша арнайы комиссияға азаматтық сектордың өкілдерін қосу мәселелерін көтерді.
Жиналыс қорытындысы бойынша Мамандандырылған ХҚКО қызметіндегі проблемалық мәселелерді қысқа мерзімде шешу бойынша бірлескен жоспар қабылданды.
