Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

 

А.ж. 30 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша №3 автобус паркі және мәдениет саласының ұжымдарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры  - Дәулеткерей Рахметуллин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сәрсенбай Мыңбаев, философия ғылымының кандидаты, қаржы полициясының запастағы подполковнигі, құқықтану магистрі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы парламентшілер жаһандық ұйымының (ГОПАК) бақылаушы-мүшесі, Транспаренси Қазақстан Қамқоршылар кеңесінің мүшесі - Светлана Арыстамбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің офицері - Гульнур Саменкулова қатысты.

Мобильді топтың мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қоғамдік мiн тағуға және одан бас тартуға бағытталған   ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

0
0
291

Еще по теме

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz