Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

 

А.ж. 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша №1 автобус паркі және Ұлттық гвардияның № 6636 әскери бөлімі ұжымымен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушысы Жазира Жылкышиева, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры  Даулеткерей Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы Серик Кульбаев, Кәсіподақ орталығының төрағасы Сарсенбай Мынбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің офицері Гульнур Саменкулова қатысты.

Жазира Жылкышиева өз сөзінде осындай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қоғамның назарын тарту мақсатында жүргізілетіндігін айтып кетті.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері еңбек ұжымдарын  белсенді азаматтық ұстанымды танытуға шақырды.

0
0
352

Еще по теме

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz