АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.
Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Бүгінгі жазбамыз «АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР» басымдығына арналып отыр.
Қаланың табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. Бізге мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.
Қалалық жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық қызметтерін оңтайландыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі бастамасымен жерге меншік құқығын аукцион тәсілімен анықтайтын және коммуналдық жүйелерге техникалық шарттар беретін қызметтерді жүргізуге auction.iturkistan.kz, tu.iturkestan.kz автоматтандырылған жүйелері құрылды. Аталған жүйелер қызметті көрсетуде уақыт үнемділікті, қауіпсіздікті және ашықтықты қамтамасыз етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, 2025 жылға қарай «Бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға ұлғайтуға және мемлекеттік қызметтердің 90%-ын автоматтандыруға;
- қаланың барлық сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне;
- Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға;
- төртінші деңгейлі бюджетті бөлуде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға;
- ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту іс-шараларын өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай «Бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға ұлғайып, мемлекеттік қызметтердің 90%-ы автоматтандырылады.
