Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АШЫҚ АЛАҢ: ЖАСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ. БОЛАШАҚ» АТТЫ АШЫҚ АЛАҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды тапсырды.

2019 жылдың 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен «АШЫҚ АЛАҢ: ЖАСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ. БОЛАШАҚ» атты шара ұйымдастырды.

Бұл – жастардың емін еркін форматта кездесуіне мүмкіндік беретін алаң болып табылады. Аталмыш кездесу арқылы жастардың азаматтық және мәдени дамуында жастардың қоғамдық пайдалы білім алуына және тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.

Ашық алаңды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов ашып, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Кездесуге спикер ретінде «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» БҚО бойынша филиалының директоры Ж.Даухарин, Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы С.Нұртазаев және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаева, «Болашақ» КҚ төрайымы С.Тұманбаева қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Шара соңы «Проблема: бар немесе жоқ» тренингімен аяқталды.

1
0
435

Еще по теме

«АШЫҚ АЛАҢ: ЖАСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ. БОЛАШАҚ» АТТЫ АШЫҚ АЛАҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz