Ашаршылық жылдарындағы баспасөз
Ашаршылық Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық құрылымына үлкен әсер етті. Көптеген адамдар дүние-мүлкінен, жерінен, малынан айырылды. Көшпелі қоғамдар мен дәстүрлі өмір салты жойылды. Ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, халық кедейшілік пен жұмыссыздыққа тап болды.1930-33 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық Кеңес өкіметінің саясатымен және олардың қарқынды индустрияландыру мен ұжымдастыруға ұмтылуымен тығыз байланысты еді. Сол жылдардағы көптеген баспасөздер қиын қыстау кездерді толық сипаттамайды немесе тіпті жалған мәліметтер берді.
Ашаршылық туралы есептер мен статистикалық мәліметтер Қауіпсіздік органдарына жіберілді, бірақ қайтарылмаған еді. Бұл органда тіпті қағазға басылған қазақ шежірелері сақталған, олардан түрлі тарихи тұлғалар туралы мәліметтер алынған. Қазақ тарихын жасауда дерек көзіне айналып отырған басылымдар «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Известия» газеттерінің материалдарына сүйенсек болады. Кеңес үкіметі тарихты бұрмалады, өз қылмастары ашылатын деректердің көзін құртты. Ашаршылық тақырыбы тарихшылардың зерттеу нысанына айналса да, журналистердің қаламының ұшына ілінбеді.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көрген «Ақжол», «Еңбекші қазақ», орыс басылымдарынан Ташкентте шығып тұрган «Известия» газеттерінде 1921 жылғы аштық туралы жазылған дүниелер бар. «Ақжол» газетінде Ашыққандар үшін деген айдармен М.Дулатовпен, Ғ. Қаналиннің Т.Ибрагимовтың, Шамғали деп қойған Шамғали Сарыбаевтың проблемалық материалдарын жарық көрсе, «Екінші қазақта» «Жөнеу» деген лақап атпен Аманғали Сегізбаевтың А.Ш деген бүркеншік есіммен бірге (Кім екені белгісіз) автордың ашық түрде жіберген хабарлары, аштықтан қалай құтылсақ болады деген мақсаттағы проблемалық мақалалары жарияланған. Міне осы материалдарға сүйене отырып, сол кездегі жағдайды аштықтың себебін, оның салдарын, зардабын анықтауға болады. Осындар дректерден кейін бүгінгі таңда орын алып отырған рухани демографиялық тіптен саяси проблемалардың тамыры барып сол нәубет заманының тасына тірелетінің байқасақ болады.
Ұлтшыл тарихшы Тұрсын Жұртбай 1921-1922 жылдары аштық жайлы Ақынжан Игенбаев деген зерттеушінің назарына ілінген: Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы атты құжатты жариялады. Осында келтірілген деректе: Қазақ автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштан өлген. Ай далада қаңғып, жетім қалған балалардың саны: 1921 жылы 1 желтоқсанда 128 мыңға, 31 желтоқсанда- 158 мың, 1922 жылы қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында-408 мыңға жеткені айтылады.
Осындай деректерді оқумен түрлі қорқынышы суреттер көз алдымызға елестейді. Ең жаманы адамдардың осындай кезді көргендер замандары туралы көптеген деректер әлі де болсын ашылмаған, айтылмаған десекте болады.
Орындаган: Телебек Дарига
Группа: 103 топ журналистика
Кабылдаган: Жаксылыкбаева Р.С