АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ.
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Жауынгерлік Даңқ» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Нәубет» атты дөңгелек үстел өтті. 31мамыр Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын - сүргін және миллондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Саяси қуғын - сүргін күні Ұлт теңдігін жалау еткен, қазақ халқының жарқын болашағы үшін, тәуелсіз ел болуы жолында жанын пида еткен шаһид ұлдарына - Алаш қайраткерлерінің рухына бағышталады. Шара барысында сөз алған жерлес ақын ағамыз, тарихшы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Солтанаев Молот Мұсаұлы, Д. Рақышев атындағы орта мектептің тарих пәнінің ұстазы Есбатырова Назгүл Тілеуханқызы, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Ибрайымжанов Қали Тұрдығазыұлы тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз екенін айтып өтті. Сол сияқты Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің ұстазы Сламжанова Ақерке, Панфилов аудандық «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Д. Б. Саудабаева, да өз ойымен бөлісіп отырды. Кітапханашы С. Кайракова ұлы тұлғаларымыз жайлы мәліметтер айтып өтті. "Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты кітап көрмемен кітапханашы А.Джетписпаева көрмеге библографиялық шолу жасалды.
