АША АУЫЛЫНДАҒЫ ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабының мүшелері Аша ауылының халқымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге аубандық штаб төрағасы Асылбеков Сағынбек штаб мүшелері Рысбеков Құрманбай, Жұмағұлова Раушан және Сүлейменов Баймақан қатысты.
Аудандық штаб төрағасы Асылбеков Сағынбек елімізде өтетін сайлаудың маңызына тоқталып, тұрғындарды сайлауда өз таңдауын жасауға шақырды.
«Азаматтар үшін ең маңыздысы – халықтың әл-ауқатының артуы. Елдегі экономикалық жетістіктерді әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл – әділдіктің белгісі. Сондықтан алдымызға нақты мақсаттар қойылып отыр. Оған қол жеткізу үшін біз үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз керек» - деді аудандық штаб мүшесі Рысбеков Құрманбай.
Сондай-ақ сайлауалды бағдарламада еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілгенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті.
Қ.Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, оларды дұрыс таңдау жасауға және лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды.
#TOQAEV2022
#Toqaev2022
