ҚАРЖЫГЕРЛЕР «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Кездесу барысында қаржыгерлерге қарқынды жүріп жатқан сайлау науқаны бойынша «Nur Otan» партиясының жұмыстарын айтып, арнайы жасалған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бағдарламаның 7 бағытын: Экономикалық тұрақты аудан; Ыңғайлы аудан; Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; Жастарға арналған аудан; Тарих пен мәдениетті дамыту; Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; Қауіпсіз аудан – нақты талдап берді.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау екенін айтты.
Кездесу барысында банк қызметкерлерінің ұсыныс-пікірін тыңдап, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Банк ұжымы партияның сайлауалды бағдарлама жан-жақты қаралғанын, тұрғындардың сұранысы толық қамтылғанын айтып, «Nur Otan» партиясын қолдайтынын айтты.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
