Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Арыстанбек Мухамадиулы скандал

Ермек Серкебаевты мұқатқан ректор,

министр болды

Тегінде халық кісіні еңбегіне қарап сырттай бағалап жатады. Және ол бағаның басым бөлігі ақиқаттан алыс кетпейтіндігі әмбеге аян. Осыған орай кейде ел басқаратын лауазымды қызметке адал әрекетімен, жағымды кісілік келбетімен танылған азамат тағайындалып жатса, «бәркелді, еңбегі еленген екен. Нағыз өзінің орнына барды, қолынан іс келетін адам» деп сүйсініп жатады. Есесіне ортасына жұғымы жоқ, сүйкімсіз әлдебіреу бекітіліп, әлі ештеңе атқарып үлгермесе де «тамыр-танысты сағалап, көке-жәкені жағалап жүріп өткен ғой. Бұдан қайыр жоқ, бұл бір орынсыз, ұятты іс болды» деп, бірден-ақ кесімді бағасын беретіндігі бар.

Байқасақ, Мұхтар Құл - Мұхаммед үшінші рет тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрлігі тарап, жаңадан құрылғанда ел «жөн екен» дескен. Алайда өзге салаларға қарағанда болмыс пен жаратылысқа, білім мен мәдениетке, атақ пен абыройға айырықша мән берілетін Мәдиенет министрі лауазымына таңдау Арыстанбек Мұхамедиұлына түскенде жұрттың басым бөлігі қолды бір сілтеді. Тіптен  Бейбіт Сарыбай есімді жас қаламгер жігіттің «Фейсбуктегі» парақшасында білдірген пікірі көпшіліктің ортақ сөзі секілді: «Арыстанбектер министр болуға ұялмағанда мен неге ұялуым керек?.............................................................» деген секілді.  Жаңа қызметіне кіріспей тұрып-ақ елді түңілдіріп жіберетіндей Арыстанбек не істеді?

Жаңа айтқанымыздай ұлттың мәдениеті мен өнерін өрістете алу үшін алдымен министрдің өзіне өре керек. Мұхамедиұлының осы алғашқы талаптан–ақ омақаса құлайтындығы ешкім таласпайтын шығар. Базбір жылдардағы оқиғаларға байланысты Әлиев деген фамилиясынан бас тартып, өз тегінен тұра қашқаны жайында ештеңе айтпай-ақ қоялық. Жалпы қорқақсоқтап түбінен, тегінен бас тартуының өзі оның таяз түсінігін дәлелдеп тұр емес пе?! Жарайды, Т.Жүргенов атындағы университеттің ректорлығында жүріп қаржы полициясының құрығына ілініп, әлдекімдердің араға салып, өлердегі сөзін айтып, табанын жалап жүріп құтылғаны жайында да қайта қозғағымыз жоқ. Айтпағымыз, дәу дөкейлердің көңілін көтеру үшін сауық-кештер мен небір жын-ойнақ ұйымдастырудан хас шеберіне айналған Арыстанбектің ары мен адамгершілігі елді, оның мәдениеті мен өнерін басқаратын кісіге сай ма?

Үлкен күмәніміз бар, біздің ғана емес, елдің де. Алматыдағы өнердің ордасы Жүргенов университетін билеп-төстеген жылдары әлгіндей сауыққой сайранқұмарлығымен «күндіз ректор, түнде сутинер» атанған Арыстанбекті қара шаңырақтың киесі алысқа ұзатпас деп ойлайтын. Билігі бекем, өзі көсем атанып тұрған Мұхамедиұлыннан әбден зәрезап болғандар енді қайтсын?! Өнер әлемінде өз орнын табуды көздеп келген талай қаракөздер мен таланттарды дәу дөкейлердің көңілін көтеретін түнгі кештерге түрлі тәсілдермен мәжбүрлеп жіберетін оған студенттер қалай қарсы шықсын! Есесіне  Арыстанбектің арға сыймайтын әрекеті қалталылар мен лауазымды қызметтегілерге айрықша ұнайтын. Шарықтата ән салып, бұралап би билеп, ректорының қас-қабағына қарап, «кетәрі» емес сұлуларды кім жек көрсін… Осындай оспадарсыз адамның министрлік орынтаққа отырғызған соң, басқадан не үміт, не қайыр.

Алайда, Арыстанбек өзін ешқашан олай ойлаған емес. Керек десеңіз, оның менменшіл кісілігі көбіңізден әлдеқайда жоғары. Таяуда жол түсіп университетке бара қалғанда оған және бір рет көз жеткіздік. Қара шаңырақтың ауласында танымал тұлғалардың өз қолымен отырғызылған жас көшеттерді қайсібіріңіз де күнара көріп жүрсіздер. Қызықты қараңыз, ұлттың біртуар тұлғасы,  КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ермек Серкебаев ағамызға шөптен шамалы-ақ асатын көшетті отырғызыпты да, өзінің «ректор» деп жазылған анықтама тақтайшасын кісі бойынан асатын талдың түбіне қақтырып қойыпты. Сірә, «Серкебаевтан атақ пен абырой тұсынан аса алмасам да, осылайша бір алдыға түсейін» деген пендәуи харекеті болса керек. Министрдің таным мен түсінігінің жеткен жері осы ма? Адамның ішкі мәдениеті, ниет-пейілін, өзгелерге деген құрмет-қасиеті кейде осындай ұсақ әрекеттерден айқын аңғарылып тұрады…

Қазір қолына шоқпарын ұстап алып, күн сайын қарамағындағыларды қырып жатқан әртіс министрдің шолақ белсенділігі кісі шошытады. Келе сала министрліктің Жауапты хатшысына жаудай тиіп, желкелеп жіберді. Мәдениет комитетінің төрағасын да итше тепкілеп, түре қуып шықты. "Қазақфильм" акционерлік қоғамының президентінің орнын анша-мұнша емес АҚШ-тың 1 000 000 долларына саудаға салып отыр дегендей сыбыс бар.  Академиядағы проректорлар, оқытушылар бос орынға қонжия кетуге отырған сияқты.

Арыстанбекке жал бітіріп, аң патшасындай «ақыртып» қойған кім? Бақсақ, баяғы күндізгі емес, түнгі қызметтерінің өтеуі секілді көрінеді. Жарайды, қарау ниетті қорқаулар көзбайланған қараңғыда аса қарқынмен қимылдап, талайларды қырып салатындығы да белгілі. Бірақ, түннен кейін күн шығатынын, ақыратындардың да ініне тығылатындығын ұмытпайық. Арыстанбектің ақыры жақсы болмайтындығын, біз ғана емес, өзі де іштей сезетіндіктен таң атып күн шыққанға дейін бәріне үлгеріп қалу үшін асығып-аптығып жатыр ғой. Асыққан кісінің ісін қазекем шайтанға теңейтін. Ал шайтанның тірлігін  Жаратушы ешқашан оңдаған да, қолдаған да емес.

 

Н.Ертуған.

 
0
0
542

Еще по теме

Арыстанбек Мухамадиулы скандал - Yvision.kz