АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ
Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнмдерінің жәрмеңкесі өтті. "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Арыс қаласы және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды.
Өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмендетіліп саудаланды.
Жәрмеңкеде арыстық шаруалар қой еті, сиыр, жылқы еттері, сонымен қатар пияз, сәбіз, картоп, қызылша, асқабақ өнімдерін апарды.
Жалпы, бүгінгі жәрмеңке аясында 20 тоннадан астам өнім қойылды. Жәрмеңке жексенбі күні де жалғасын табады.
Қала тұрғындары, жәрмеңкеге барған жағдайда арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды естен шығармау қажет.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
