АРЫС ҚАЛАСЫНА БЕКІТІЛГЕН №12 СЕКТОРДА ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру мақсатында қаланы 32 секторға бөлген болатын. Осыған сәйкес, әр секторға жауапты аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың тарапынан шаһарды көркейтуде ауқымды істер атқарылуда.
Бүгінгі таңда Арыс қаласына бекітілген №12 секторда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Секторға қарасты Гаухар Ана көшесінде бір спорт алаңшасы, балалар ойын алаңшасы және бір саябақ (аллея) және балалар спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталған.
3 су ұңғымасы қазылып, 8238 түп тал көшеттері егілген ағаштарға түгендеу жұмысы жүргізілген. Оның 6205 түп тал ағашына паспортизация жасалынып «Жасыл Түркістан» КММ тапсырылды. 1038 түп тал ағашы «Жасыл Түркістан» КММ мен басқа жерге көшірілсе, 995 түп тал ағашының сынып, қурағандары алып тасталынды. Қазіргі таңда сектор аумағындағы талдарды суару жұмысын Арыс қаласы әкімдігі мен «Жасыл Түркістан» КММ мекемесі жүргізіп жатыр.
Бүгін, Арыс қаласы әкімдігінің қызметкерлері киелі Түркістан қаласында бекітілген көше бойларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, егілген талдардың түптерін қопсытып, сенбілік өткізді.
Әкімдік қызметкерлері 16 көшеге үш мың түп тал екті. Жалпы Арыс қаласынан сенбілікке 120 адам жұмылдырылды.
Аталған бағытта жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.
