ҚАРТЫ БАРДЫҢ - ҚАЗЫНАСЫ БАР.
"Nur Otan" партиясы Ойыл адандық филиалының мүшесі, Жастар ресурстық орталығы басшысының м.у.а, "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Мейрамбек Мұзамеллұлы "Ардагерлерді ардақтайық" жоба аясында ауылдың ерікті жастармен бірге зейнеткер Сатығалиев Жолдығали атаның үйіне барып ауласына қоршау жасап берді. Үлкенін әрқашанда ардақтаған жастарымыздың бұл бірінші көмектері емес. Осындай да қайырымдылыққа жаны құмар жастарымыздың саны азаймасын дегің келеді. "Жанашырлыққа жан риза" дегендей, қарттарымыздың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, жауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Қазынасын қадірлеген қазақтың ұл-қыздары қашанда қарттарымызға қол ұшын созбақ.
