Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАРТТАРҒА ҚҰМЕТ-ЗОР МІНДЕТ

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Каракулов Халықаралық қарттар күніне орай тыл еңбеккерлері, қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады.

Тәуелсіздік пен береке – бірліктің несібесі бұйырған, тарихы терең, тағылымы мол халықтың ұрпағымыз. Олай болса, аға буынның жемісті еңбегі екендігі айдан анық. Ел басына күн туған қилы кезеңде ақсақалынан бата алған, ақ жаулықты аналарын төрге оздырған батыр елдің ізбасарымыз. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол - ұрпақтың көрегендігі емес пе?! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанатымен мағыналы ғұмырында биік бір белеске жеткен ата – апаларымызға ыстық ықыласымыз шексіз. Олар қиын-қыстау заманда ел үшін аянбай еңбек етіп, балаларын өсіріп, білім беріп, жетілдірді. Даралық пен даналықты бойларына жинаған Сыр перзенттері әр түрлі салада қызмет етсе де, туған жері мен елі үшін еңбек еткен зейнеткерлер, ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері де бар. Қашанда қариялардың көкірегі өсиетке толы. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан бас¬талады» дегенді алға тартқан болатын.

Осы тұрғысынан Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл еңбеккері Жұмагүл Искакова, Үміт Ибраева, Сафия Тургалиеваның үйлеріне ат басын тіреп, оларды мерекелерімен құттықтап, сый-сияпатын табыс етті.

0
0
211

Еще по теме

ҚАРТТАРҒА ҚҰМЕТ-ЗОР МІНДЕТ - Yvision.kz