Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

2018 жылдың 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді.

Шараға арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде салық заңнамасын жетілдіру мәселелері, ауыл шаруашылығы саласында субсидия беру механизмдерін жетілдіру туралы, республикалық жолдардың қысқы уақыттағы жай-күйі мәселелері талқыланды.

Кезекті отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов қатысып, 2018 жылы арнайы мониторинг тобының қызметінде белсенді жұмыс жасағандарды алғыс хаттармен марапаттады.

Шара барысында мониторингтік тобының мүшелері мен қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

1
0
300

Еще по теме

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ - Yvision.kz