АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудандық Ардагерлер саябағында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлы ауыл ардагерлерімен партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын барысында ауыл ақсақылдар, ардагерлер, қоғамдық Кеңес мүшелері өз тараптарынан үміткерге аудандағы өзекті деген мәселелерді көтеріп, қолға алуын сұрады. Үміткер тиісінше айтылған ұсыныстарды назарда ұстап, орындауға ықпал жасайтындығын айтты. Түлкібас ауданының ардагерлері "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын жеткізді.
