Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда бүгін Асқаров көшесі №7 тұрғын үйде өмір сүретін ардагерлермен Б.А.Бекжанов кездесті. Кездесу "канвассинг" бағытында өтті. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламаларымен таныстырды. Бағдарламамен танысқан ардагерлер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің шешілуіне "Nur Otan" партиясының ықпал етуін сұрады. Алдымен, қоғамдық көліктердегі "TOLEM" картасының терминалының жұмыс істемей қалатынын және әр автобусқа бір терминал аздық ететінін және №84 автобустың қызметіне көңілдері толмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғын үйге жақын орналасқан "Асем" аялдамасының құрылысы 3 ай бойы бітпей жатқанына алаңдайтынын да жасырмады. Сонымен қатар, арнайы тегін берілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығына және мүгедектік үшін жәрдемақы алмайтындығына шағымданып, бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.

Ардагерлердің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

0
0
133

Еще по теме

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz