Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесу барысында кандидат "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасын таныстырды.

Бағдарламамен танысқан ардагерлер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің шешілуіне "Nur Otan" партиясының ықпал етуін сұрады. Алдымен, қоғамдық көліктердегі "TOLEM" картасының терминалының жұмыс істемей қалатынын және әр автобусқа бір терминал аздық ететінін, №84 автобустың қызметіне көңілдері толмайтынын айтты.

Сондай-ақ, тұрғын үйге жақын орналасқан "Асем" аялдамасының құрылысы 3 ай бойы бітпей жатқанына алаңдайтынын да жасырмады. Одан әрі арнайы тегін берілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығына және мүгедектік үшін жәрдемақы алмайтынына шағымданып, бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.

Ардагерлердің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
110

Еще по теме

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz