Ардагерлермен кездесу
Бүгін "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ардагерлер қауымдастығымен "Қарттарым қазынам" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер еңбек жолдарын баяндап, өздерінің қиын да қызыққа толы атқарған қызметтеріне көз жүгіртіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ардагер ұстаздар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ғибратты әңгімелерін айтты. Ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін, пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын ардагерлер қауымын ардақтауды өздерінің парызы деп білетін жастар ұйымының мүшелері бүгінгі тәлім-тәрбиеге толы сұхбат үшін алғыстарын білдірді.
