Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жалғасын табатынын жеткізді. Бұл жоба бойынша партия медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырады, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасайды.

Барлық жалғыз басты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі.

Ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргізіледі.

Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады.

Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады.

Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады.

«Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

0
0
185

Еще по теме

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ - Yvision.kz