«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ!
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» Жастар қанаты бірлесе отырып «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын жариялайды.
Акцияда жас буын аға буынды мерекемен құттықтап, олардың қатысуымен бейнежазба түсіріп, #ArdagerNurOtan хештегімен әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, YouTube, TikTok) жариялауы тиіс. Бейнежазбада аға буын өздері туралы, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және Елбасының мемлекетімізді нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі туралы баяндап, жастарға тілектерін білдіреді.
📷 Акция 2021 жылдың 1 – 30 қазаны аралығында өтеді.
Үздік деп танылған 30 бейнежазба кейіпкері 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.
📷Акция шарттары:
📷Акцияға еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.
📷 Бейнежазба кейіпкерлері – аға буын өкілдері.
📷Бейнежазба жасау үшін аға буын өкілдерінің келісімін алу керек.
📷Арнайы сәлем беру және бейнежазба жазу кезінде санитарлық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталуы тиіс (медициналық бетперде, қолғап т.б.).
📷 Кейіпкерге мына сұрақтар қойылады:
1. Сіздің ойыңызша, елдің ең басты жетістігі не және Елбасының Тәуелсіз мемлекетті нығайтуға қосқан үлесі қандай?
2. Сіздің өмірдегі ең басты жетістігіңіз және жастарға беретін ақыл-кеңесіңіз?
📷Бейнежазбада кейіпкердің аты-жөні мен тұрғылықты жері (мысалы, Жамал Тұрғанбайқызы, Қарағанды қаласы) көрсетілуі тиіс.
📷Бейнежазбаларды Facebook, Instagram, YouTube, TikTok әлеуметтік желілерінде жариялау және барынша кең тарату керек.
📷Бейнежазба ұзақтығы – 1 минутқа дейін.
📷Бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жариялаған кезде #ArdagerNurOtan хештегін міндетті түрде пайдалану қажет.
Бейнежазбадағы жалпы көріністің және мазмұнының мерекелік сипатта болуына көңіл бөлу керек.
📷 Акция туралы толық ақпаратпен және қосымша жаңалықтар мен мәліметтерді «Nur Otan» партиясының және «Jas Otan» Жастар қанатының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.
