"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!"
“AMANAT” партиясы Панфилов аудандық филиалы "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!" партиялық жобасы аясында Жетісу облыстық маслихат депутаты Жалғас Алтынбеков, Жаркент қаласының әкімі Айдар Исаев, “AMANAT” партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев 9 мамыр "Ұлы Жеңіс күні" қарсаңында Жаркент қаласындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай еңбек еткен бірнеше тыл ардагерлердің шаңырақтарына барып, қал сұрасып, ізгі тілектерін жеткізіп, мерекелік сыйлықтарын тапсырды. Тыл ардагерлері де өз кезегінде алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын білдіріп, ақ батасын берді!!!
