Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ"

Әрбір мемлекеттің ең басты байлығы – адам өмірі мен оның бостандығы. Бұл сөздерді еліміздің тұңғыш президенті, елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі есінде сақтап, еліміздің әрбір азаматына жағдай жасау үшін бар күш-жігерін аямағаны сөзсіз. Елбасы бір сөзінде: «Біз қартаятынымызды ешқашан ойламаймыз. Барлығымыз да қарт боламыз. Бүгін жаспыз және алдымызда мыңдаған жыл бардай көрінеді. Бұл өте жылдам өтеді, көз алдыңа елестетіп те үлгере алмайсың. Әсіресе, біздің қазақтарға ата-анасына қамқорлық жасау деген ата-бабамыздан қалған салт болатын», - деген еді.

«Nur Otan» партиясы да «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», - деген сөзді әсте есте сақтап, үйдің берекесін келтірер қарттарға жағдай жасау үшін «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстың мәні – тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға қашанда даяр болуға тәрбиелеу. Бұл жоба аясында Қарағанды облысында 4 белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылды. Орта есеппен келушілер саны 600-ды құрайды. Бұл орталықтың басты міндеттерінің бірі – аға буынның саламатты өмір салтын ұстануына қолдау білдіру болып табылады.

Жоба аясында көрсетілген көмек пен атқарылған жұмыс туралы да атап өткеніміз жөн. Ең басты жобаның жетістігі - «Ардагерлер туралы» Заң қабылданды. Бұл заң әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша құқықтық негіздерді бекітті. Сондай-ақ, атаулы жоба аясында 26950 адамды қамтыған 350 іс-шара өткізілді.

Партия «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұранын басшылыққа алып, барлық азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізетіні бәріне мәлім. Сондай қабылдау бөлмелерінде қарт адамдарды қабылдаудың бірыңғай тақырыптық күні шеңберінде шешілген мәселелер саны 90-ды қамтыды. Бұл көңіл қуантпай қоймайтын жайт, себебі қарттардың айтар ақылы да, шешілмес түйінді шешуге де көмегін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының қарттардың әлеуметтік жағдайына аса назар аударатыны да маңызды артықшылық болып табылады. Жоба аясында Қарағанды облысындағы 4,5 мың қарт адамға атаулы қолдау көрсетілсе, Жезқазған қаласы бойынша 2880 мың, Ұлытау ауданы бойынша 45 қарт адамға атаулы қолдау көрсетілген болатын.

Бұл жоба әлі жалғасын табатыны анық. Атқарылып жатқан жұмыстар легі өте көп. Алдағы уақытта да елдің жағдайын жасап, әлеуетін артырып, саламатты, әрі салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде «Nur Otan» партиясының тигізер әсері өте зор

0
0
655

Еще по теме

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" - Yvision.kz