"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ"
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі болып өтті. Шараны ауданымыздың экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінен зейнетке шығып, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған Мүсілім Жамур ардагеріміз жүргізіп отырды. Жастармен кездесуде ардагер өзінің өмір жолын, ауданның экономикасына қосқан еңбек жолын, үлесін және жастарға деген өзіндік ақыл-кеңестерін айтып өтті.
