АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ...
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ділдәбеков қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен «Zoom» конференциясы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында, 2020 жылғы 6 мамырда қабылданған, 18 баптан тұратын Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының мазмұнына қысқаша тоқталды.
Ардагерлер қауымы онлайн форматта өткен кездесуде жоғарыда аталған Заңның маңыздылығы туралы пікір бөлісті.
