"АРДАГЕРЛЕР" КЕҢЕСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
18.11.2020 жылы аудандық Ардагерлер Кеңесі мүшелерімен "ҚР Ардагерлер" туралы Заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін жиналыс өткізілді. Аудандық полиция бөлімінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы - Таңатбаев Сауранбек Жаңқашұлы Ардагерлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ ҚРЗ толыққанды шолу жасап, таныстырып өтті. Жоғарыда көрсетілген іс-шараға қатысушы Ардагерлер Кеңесінің мүшелері өз ойларын, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.
