Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТ ЖӘНЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

Турнир Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының​ ұйымдастыруымен және «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен өтті. Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 60 пен 90 жас аралығында. Спорттың осы түрін серік еткен қариялар бір-біріне дес бермей, ойынның көрігін қыздырды. Бүгінгі жарысқа қатысушы қариялардың басты мақсаты орын алу емес, өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі болу. Жылына бір мәрте болса да осындай додада бір-бірімен қауышып, әңгіме-дүкен құру. «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз». Сексеннің сеңгіріне шыққанымен, өз қатарластарының көңілін аулау үшін барын салуда. ​ Талай бәсекелерде бәсі жоғары болатын ардагерлер мұндай игі шаралардан қол үзгісі келмейді. Өйткені, спорт-денсаулық кепілі.

1
0
137

Еще по теме

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТ ЖӘНЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ - Yvision.kz