АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Жаңаөзен қаласының және онымен іргелес ауылдардың ардагерлері арасында бильярдтан қалалық ашық турнир өтуде. Шараның ашылуына Теңге ауылының әкімі С.Қалаубаев, қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ж.Аймағанбетов және "Ардагерлер ұйымы" РҚБ-нің Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы А.Бекбатыров қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Бұл сайыста 50-75 жастағы 20-дан астам ардагер топ бойынша бөлініп, өзара сынға түсуде. Жарыс ертең де жалғасын тауып, жеңімпаздар анықталатын болады.
