Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АРДАГЕР ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ

Ардагер ұстаздардың дені сау, ортамызда аман жүргенін көрсең, қуанасың ғой. Адал еңбекпен тер төгіп, бар ғұмырын саналы шәкірт тәрбиелеуге сарп еткен жандардың зейнет жасында ауырмай, ұзақ өмір кешкенін қалаймыз. Салов Владимир Юрьевич те ардагер ұстазымыз, белгілі ғалым. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға тәрбиелеген педагогтік қызметі туралы айтсақ, ардагер ұстаздың жеңісі де, жетістігі де көп. Шәкірттері де. Өз өмірінде ғана емес, жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтағанын жанымен қалайды. Дені сау балалар ғана болашағымыз екенін айта келіп, «спорт залдары, спорт сарайы, үлкен нысандардың көптеп салынғаны, әрине, қуантады. Қазіргі таңда студенттер, оқушыларымыз онлайн білім алып жатқандықтан, жабық бөлмеде көп отырады, таза ауада ұзақ жүрмейді, оның денсаулыққа әсері бар. Жазғы уақыттарда ашық спорт алаңдардың көптеп салынуы қолға алынса» деген ұсыныс-тілегін жеткізді. Жақсы өзгерістер дұрыс таңдаудан басталатынын айтқан Владимир Юрьевич өз таңдауын жасап, дауыс беруден қалыс қалмайтынын жеткізді. Біз де ардагер ағамызға темірдей мықты денсаулық тіледік.

0
0
180

Еще по теме

АРДАГЕР ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz