kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

АРАЙ-2021

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз етіп қолдау көрсету мақсатында «Арай-2021» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауыл әкімдіктерінен 13 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша

«Арай-2021» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы, ән жанры бойынша

III – орын Шарапов Мухриддин. Сызған ауылы

II- орын Тұрсынәлі Дилноза. Созақ ауылы

I-орын Байзақ Аманғали. Қаратау ауылы

«Арай-2021» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы, мәдени іс-шара жүргізушілері бойынша:

III-орын Несібелі Сайлау Құмкент ауылы

II-орын Абай Сәдібекұлы Сызған ауылы

I орын Аманжол Мадина Жуантөбе ауылы

Байқау соңында үздік шыққандар естелік сыйлықтармен марапатталды.