ҚАРАТАУ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Қаратау ауданында соңғы жылдары демографиялық өсім жоғары. Мұны азаматтарға жасалған жақсы жағдайдың да көрсеткіші деуге болады. Тұрғындарға қолайлық туғызу мақсатында қазір бірнеше мектеп салынып жатыр. Ал қазір жұмыс істеп тұрғандардан 49 мемлекеттік және 2 жекеменшік мектеп бар. Оқушылардың санына байланысты алдағы уақытта тағы мектептер салынбақ.
Саны жылдамдықпен артып келе жатқан бүлдіршіндердің алтын құрсақты аналары да ауданда жетерлік. Олардың саны 2585. Жіліктеп қарасақ, 1030 ана алтын алқа, ал 1555 ана күміс алқа иегері. Аналарымызға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек те қомақты. Жыл басынан бері 184 анаға алқа табысталды. Оның ішінде 23 алтын және 161 күміс алқа. Алтын құрсақты аналарымыз аман болсын!
